Туған өлке » №116 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"№ 116 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Туған өлке
15
февраль
2017

Туған өлке

Туған өлке

 

Бұрынғы Мақтарал ауданы, Жантақсай колхозында 1953 жылы М.Мәметова атындағы бастауыш мектебі болып құрылды. Алғашқы мектептің меңгерушісі әрі мұғалімі болып, Жалғасбаев Тәшмен жұмыс бастады. Әр класта 3-4 баладан жалпы 8 оқушы оқып білім алды. 1959 жылы мектеп ғимараты жаңадан салынған жайға ауыстырылды. Әр класта 5-6 оқушыдан оқыды. 1 класс комплектісі жинақталды. 1991 жылы мектеп қазір орналасқан жаңа ғимаратқа ауысты. Жантақсай және Жаңатұрмыс ауылдарындағы бастауыш мектеп біріктіріліп, М.Мәметова атындағы сегізжылдық мектеп болып өзгерту туралы Мақтарал аудандық халық депутаттар советінің атқарушы № 125 09.04.1991 жылы шешімі шықты. Бұл кезде оқушылар саны 112 болды. 1996-жылы мектеп қысқартуға ұшырап, орталықтағы № 4 Абай атындағы орта мектебіне қосылды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 13.09.2001 жылы № 148 қаулысымен «М.Мәметова атындағы негізгі мектеп» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды. Ауданда М.Мәметова атындағы мектеп болуына байланысты «№ 116 негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі болып Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында куәлік 17439-1958-ММ номерімен 21.02.2002 жылы тіркелді. 2016-2017 оқу жылында 1-11 сыныптар мен дайындық тобында 196 бала оқуға қамтылды. 27 мұғалім жұмыс істейді. Мектепте компьютер сыныбы, медбике кабинеті, кітапхана, спорт алаңы орналасқан.


 

 

Похожие публикации:

15 февраль 2017 Мекен-жайымыз
15 февраль 2017 Мектеп директор
15 февраль 2017 Мектеп
15 февраль 2017 Ата-аналарға